Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 106, № 2, с. 117-124
Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі «періге ғашық болу» мотиві (Қ.Мүбарак әңгімелерінің негізінде)
Аннотация · Abstract
Ғылымда «адамзат санасынан бөлек абстрактілі өмір бар» деген тұжырым бар. Мақалада дүниелік өлшемнің сыртында өмір сүретін мистикалық, мифологиялық бейнелер, оның ішінде «пері» образының қазіргі қазақ әңгімелеріндегі қолданысы адамзаттың таным-түсінігімен, наным-сенімімен мәдениетімен сабақтастыра отырып, мифтік, фольклорлық шығармада кездесетін сюжеттер желісімен салыстырмалы түрде талданған. Мифтік ойлау, мифтік сарындардың қазіргі қазақ жазушыларының көркемдік әлеміндегі алатын орны айқындалады. Көне мифтің қазіргі поэтикалық жүйедегі әдістәсілдері Қ.Мүбарак әңгімелеріндегі қолданыстары негізінде нақтыланады. «Перінің қыздары» образына талдау жасай отырып, әдебиеттегі жеке авторлық бейнелер мен мотивтердің жасырын мифологиясын айқындауға, мифологиялық және фольклорлық көріністердің авторлық мәтіндегі өзара әрекеттесу процесін анықтауға ұмтылыс жасалады
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ph2/117-124
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0