Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 105, № 1, с. 69-75
Қазақ ұлттық пернетақтасында қазақ әріптерін орналастыру принциптері
Аннотация · Abstract
Мақалада латын графикасын қолданатын еуропа және түркі тілдеріндегі пернетақталардағы әріптердің орналастырылуы салыстырмалы түрде қарастырылған. Қазақ тілінде жаңа латын әліпбиіндегі ұлттық пернетақта нұсқаларына аналитикалық талдау жасалған. Әлем тілдеріндегі латыннегізді пернетақталарда әріптерді орналастырудың критерийлері анықталған. Сонымен қатар латыннегізді қазақ ұлттық пернетақтасын жасауда негізге алынатын принциптер туралы ұсыныстар жасалған. Авторлар мақалада жаңа ұлттық жазуға негізделген қазақ пернетақтасына әріптерді тиімді орналастырудың ғылыми әрі тәжірибелік негіздерін айқындау мәселелерін көтерген. Яғни қазақ пернетақтасында мәтіндерді тез әрі сапалы теру үшін әріптер жиілігін анықтау және осы жиілік ұстаным бойынша пернетақтада қазақ әріптерін тиімді орналастыру аса өзекті. Осындай ғылымитеориялық зерттеулерден кейін жаңа латын әліпбиін енгізу қарсаңында ұсынылған ұлттық пернетақтажобаларына талдау жасалып, олардың әрбірі бойынша эксперимент жүргізіледі.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ph1/69-75
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0