Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 105, № 1, с. 28-35
Жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудегі қауіптер
Аннотация · Abstract
Мақалада жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудегі қауіптер мәселесі талданған. Аталмыш қауіптерді анықтау бойынша жүргізілген эмпирикалық зерттеу барысы толық сипатталған. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде авторлар тарапынан болжалды қауіп түрлері, олардың түсіндірмесі және қауіптерді еңсеру жолдары ұсынылған. Зерттеу гипотезасын растаған негізгі қауіптермен (психологиялық, ақпараттық, техникалық және тілдік) қатар анықталған екі қауіптің (интеллектуалдық, тілдік трансмиссияның бұзылуы) сипаттамасы және оларды басқару бойынша шешімдер ұсынылған. Авторлар мақала тақырыбы төңірегіндегі жазылған еңбектерге шолу жасаған. Сонымен қатар, талқылау бөлімінде зерттеу қорытындысы басқа ғалымдардың тұжырымдарымен салыстырылған. Мақала «Мемлекеттік тілді латынграфикалы ұлттық әліпбиге көшіруді қамтамасыз ететін жаңартылған нормативтік сөздіктер мен академиялық басылымдар сериясын әзірлеу» атты бағдарламалық нысаналы зерттеуінің бір міндеті аясында орындалды. Мақаланың мақсаты — аталмыш зерттеу барысында анықталған жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудегі қауіптерді ғылыми көпшілік назарына ұсыну.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ph1/28-35
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0