Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 105, № 1, с. 110-116

Қасым Аманжолов — көркем аударма шебері

Ж.Ж. Жарылғапов, Б. Оразова

Аннотация · Abstract

Мақала қазақ әдебиетінің классигі, ақын Қасым Аманжоловтың көркем аударма саласындағы шығармаларын зерттеуге арналған. Оның орыс әдебиетінің аса көрнекті өкілдері ― М.Ю. Лермонтовтан, А.С. Пушкиннен, Н.А. Некрасовтан, В.В. Маяковскийден аударған өлеңдерінің идеялық–көркемдік ерекшеліктері талданған. Орыс ақындарының қазақ тіліндегі бірнеше нұсқаларымен Қ. Аманжолов аудармалары салыстырылған. Түпнұсқа мен аударма арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға әдеби-теориялық талдаулар жасалған. Түпнұсқалардың құрылымы мен қазақ ақынының аударма барысында қолданған тәсілдері көрсетілген. Буын, тармақтардың сақталуы, аударма–шығармалардағы идеяның жеткізілуі, стильдің дәл берілуі, тіл шұрайы қарастырылған. М. Лермонтов өлеңдерін аударудағы Абай тәжірибесі мен Қ. Аманжолов аудармаларының арасындағы өзгешелік сипаттар зерттелген. Осы арқылы қазақ әдебиетіндегі көркем аударма дәстүрінің қалыптасып, дамуындағы Қ. Аманжоловтың орнын айқындауға тың қадамдар жасалады.

Сведения · Details