Bulletin of the Karaganda University “Law Series”, 2022, т. 105, № 1, с. 66-72
Тарихи контекстегі және қазіргі жағдайдағы экономикалық контрабанда қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Аннотация · Abstract
Мақалада экономикалық контрабанда қылмыстарын жасауға ықпал ететін жалпы себептер мен жағдайлар, құқықтық сипаттағы факторлар, ұлттық тәжірибе мен шет елдердің тәжірибесі экономикалық контрабанда қылмыстарын ғылыми негізделген және тәжірибеде тексерілген тұжырымдамалары мен ерекшеліктерін анықтамай қылмыстылықпен күресу мүмкін еместігі көрсетілген. Сонымен қатар экономикалық контрабанда қылмысымен күресудің теориясы мен тәжірибесі мәселелерін жан-жақты объективті негіздерін анықтап зерттеудің мәселелері қарастырылған. Зерттеудің теориялық негізі — экономикалық қылмыстылықпен күресу бойынша отандық және шетелдік ғалым-заңгерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері. Зерттеудің ақпараттық негізі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің мәліметтері және авторлардың зерттеу нәтижелері. Зерттеудің әдіснамалық негізі – экономикалық контрабанда қылмысын зерттеудің жүйелі тәсілі, абстрактілі-логикалық, құқықтық-статистикалық, монографиялық әдістер. Қазақстандағы тарихи контексте және қазіргі жағдайда экономикалық контрабанда қылмыстарын жасауға ықпал ететін жалпы себептер мен жағдайлар, құқықтық сипаттағы факторлар, экономикалық контрабанда қылмыстарын азайтуға толыққанды мүдделілік субъектісінің болмауы, экономикалық контрабанда бойынша қандай да бір алдын алу шараларын қабылдау туралы түсініктер ашылған. Қазіргі уақытта экономикалық контрабанда ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұр, ол себепті осы мақалада кеден органдарының экономикалық контрабандаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылған. Мұндай қылмыстық әрекеттер қазіргі кезде көптеп орын алуда және олардың алдын алу үшін олардың себептерін түсініп, жағдайдайларын анықтау бойынша мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада мемлекеттік мүлікке пайдакүнемдік қол сұғушылықтың өсуіне себеп болатын факторлардың тұрақтылығын сақтай отырып, бақылауды тоқтату қоғамның әдеттегі назарынан тыс аймақты тудырды, халықтың елді бүлдіретін заңсыз әрекеттерге немқұрайдылық атмосферасын өзгертіп, ұлтқа төнген үлкен қауіп деп түсініп, қылмыс пен күресудің жаңа жолдары мен нысандарын іздеуге әкеледі деген қорытынды жасалған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022l1/66-72
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University “Law Series”
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0