Central Asian Research Index

BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2024, т. 108, № 4, с. 188-197

ЕЭО мемлекеттеріндегі жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселесін талдау

Р. Нуранова, С. Ибраимова, Д. Кангалакова, Н. Батталов

Аннотация · Abstract

Мақсаты: Мақала ЕЭО-ға мүше мемлекеттердегі жұмыспен қамту жағдайын және Ресей, Қазақстан, Қыр-ғызстан, Беларусь және Армениядағы жұмыспен қамту көрсеткіштері мен қолданыстағы жұмыспен қамту бағ-дарламаларын салыстырмалы және статистикалық талдау, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын зерделеуге бағытталған.Әдісі: Зерттеу барысында негізгі әдістер болып логикалық талдау, синтез, себеп -салдар тұжырымдамала-рын жасау, индукция мен дедукция қолданылған. Қорытынды: Зерттеу барысында 2019 жылғы жұмыспен қамту көрсеткіштері және ЕЭО елдеріндегі қол-даныстағы мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары талданды. ЕЭО-ге мүше мемлекеттердің жұмыспен қамту бағдарламаларының мақсаттары, міндеттері мен жобалары өзара ұқсас екендігі анықталды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы жұмыспен қамту бағдарламалары Армения, Беларусь, Қырғызстан мемлекеттерінің бағдарламалары алдында артықшылыққа ие екені, атап айтқанда, қаржыландырудың көбірек екені және жұмыспен қамтудың неғұрлым ауқымды бағыттарын қамтитыны анықталды.Тұжырымдама: Жұмыспен қамту — бұл халықтың жақсы өмір сүру деңгейінің кепілі және кедейліктің алдын алуды көздейді. Экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамту және халық арасындағы жұмыссыз-дық деңгейін басқару мемлекеттік басқарудың басым бағыттарының бірі. ЕЭО-ға мүше мемлекеттерде жұмыс-пен қамту сапасын жақсарту үшін жұмыссыздар үшін кәсіптік даярлаумен, біліктілігін арттырумен, қайта даяр-лаумен және қоғамдық жұмыстармен, қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен және дамытумен байланысты бірқатар іс-шаралар ұсынылады.

Сведения · Details