BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2024, т. 108, № 4, с. 144-152
Мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер
Аннотация · Abstract
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу. Соңғы жарияланған статистикалық көрсеткіштерді көрсету. Әдістері: Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі — мақаланың тақырыбына қатысты заңнамалық актілер, нормативтік құжаттар. Ғылыми мақаланы жазу үшін ақпарат көзі оқу әдебиеті, осы саладағы ірі ғалымдардың іргелі теориялық еңбектері, көрнекті отандық және шетелдік авторлардың практикалық зерттеулерінің нәтижелері, мемлекеттік басқару тақырыбына арналған арнайы әдебиеттер мен мерзімді басылымдардағы мақалалар мен шолулар пайдаланылды. Нәтижесі: Мақалада жалпы мәселелер қарастырылған. Негізгі ұғымдар айқындалды, мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеудің өзектілігі мен практикалық маңыздылығы анықталды. Мемлекеттік сатып алу үдерісіндегі негізгі қателіктер көрсетілді. Мемлекеттік сатып алу туралы жазылған авторлардың еңбектеріне және әлемдік тәжірибеге шолу жасалды. Қорытынды: Жекелеген деректер негізінде қазіргі жай-күйге талдау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды дамытудың перспективалары мен үрдістеріне талдау жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу туралы Заң қабылданған сәттен бастап оған 20 рет, оның ішінде ағымдағы жылдың басынан бастап төрт рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жүйесі жыл сайын өзгеріп отыратындықтан, осы саладағы қатынастарды реттеуді оңтайландыру мақсатында ұсыныстар берілген.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ec4/144-152
- Журнал · Journal BUKETOV BUSINESS REVIEW
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0