Central Asian Research Index

BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2024, т. 107, № 3, с. 197-208

Ауылдық аумақтарды дамытудағы күн энергиясын қолданудың болашағы

Н. Бердимурат, А.А. Абаев, А.А. Сатмурзаев, А.К. Джусибалиева, А.З. Нурмагамбетова

Аннотация · Abstract

Мақсаты: Мақаланың мақсаты ауылдық аумақтардың энергетикалық ресурстарды өндіру мен тұтынудыңжаңа прогрессивті технологияларын кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы өндірісінің келешек дамужолы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ауқымын кеңейтуді анықтау. Теориялық-әдістемелікнегіздерді зерттеу және ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Әдісі: Зерттеудің әдіснамалық базасы ретінде абстрактілі-логикалық, статистикалық, сараптамалық, салы-стырмалы және құрылымдық әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негізі ауылдық аумақтарды, аг-роөнеркәсіптік жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ауқымын кеңейту жөніндегі қазақстандық және ше-телдік ғалымдардың іргелі еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді жәнеауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілері болып табылады.Қорытынды: Жүргізілген әдістер негізінде Қазақстан аймақтарында жылжымалы отын электр станцияла-ры қолданылатын орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесінен алыс фермерлік шаруашылықтар бар. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының географиялық координаттарын және NASA электрондықбазасының деректерін пайдалана отырып, біз күн радиациясының жиынтық кірісін анықтадық. Күн радиаци-ясының орташа мәнінің ең үлкен кірісі Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аумақтарында (4.32 кВт/m2/тәулік) тіркелді, ал Күн сәулесінің ең аз қарқындылығы Солтүстік Қазақстан облысында байқалады(3.28 кВт/m2/тәулік). Алынған мәліметтерді талдау Қазақстанның ауылдық аумағында күн сәулесінің келуініңорташа мәні айтарлықтай өзгеретінін көрсетті. Сондықтан күн радиациясының қарқындылығы бойынша үшаймақты бөлуге болады: жоғары (5 аймақ), орташа (5 аймақ) және төмен (4 аймақ). Қазақстанның ауылдықаумақтарының айлар бойынша жарық күнінің ұзақтығын есептеу тәуліктің жартысына жуығы күн (күніне 7.48-ден 17 сағатқа дейін), сондай-ақ маусымға қарамастан жарқырайтынын көрсетті. Бұл күн бойы электр энерги-ясын, сондай-ақ артық электр энергиясының қосалқы бөлшектерін өндіруге және оны тәуліктің қараңғы уақытында пайдалануға кепілдік береді .Тұжырымдама: Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері аккумуляторлы батареясы, инверторы, контроллерібар, қуаты 2 кВт-тан басталатын күн панельдерін «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру жәнемал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)» жобасының паспорты негізіндешаруашылықтарында орната алады. Күн панельдерін ауылдық аумақтарды дамыту үшін қолданудың мынадайтиімді жақтары бар: салынған инвестициялардың қайтарымдылығы жүзеге асырылады; ауыл тұрғындарытұрақты электр энергиясымен қамтылады; күн сәулелерін қолдану қоршаған ортаның қауіпсіздігіне әсеретпейді.

Сведения · Details