Fundamental and Experimental Biology, 2022, т. 108, № 4, с. 76-82
Доңызтау флорасындағы Amaranthaceae тұқымдасы
Аннотация · Abstract
Мақалада Ақтөбе облысы Доңызтау кемеріндегі Amaranthaceae тұқымдасының таралуы қарастырыл-ған. Доңызтау флорасында 25 туысты құрайтын 67 түр тіркелген. Amaranthaceae тұқымдасы Доңызтау кемері флорасында түр жағынан бірінші орын алады. Ол Доңызтау флорасының 20 % алып жатыр. Таксономиялық талдау тұқымдас ішінде доминантты туыстарға Salsola, Anabasis, Suaeda, Climacoptera, Atriplex жататындығын көрсетті. Amaranthaceae тұқымдасының түрлік құрамына, суб-стратқа байланысты, экобиоморфологиялық талдау жасалды. Тіршілік формалары И.Г. Серебряков бойынша, экологиялық талдау А.П. Шенников классификациясына сай жасалды. Тіршілік формала-рының талдауы түрлердің біржылдық түрлерінің басымдығын байқатты. Тұқымдас ішінде барлық түрдің 70 % алады. Экологиялық талдау түрлердің басым көпшілігі ксерофилдерге тиесілі екендігін дәлелдеді. Олардың үлесі 80 % құрайды. Өсімдіктердің тіршілік формаларының арақатынасы аймақ-тың Қазақстанның шөлді аймағында сай шұғыл континенталды және құрғақ климатты екендігін көр-сетеді. Мақалада тұқымдас түрлердің конспектісі берілді. Конспектіде түрлердің латын-қазақша атау-лары, тіршілік формалары, экологиялық топтары, субстратқа байланысты, шаруашылықтағы маңызы және ареалы көрсетілді. Өсімдіктердің шаруашылық құнды топтары анықталды: жемдік, техникалық, дәрілік, улы, инсектицидтік, топырақ, орман және фитомелиоративті өсімдік түрлері. Біраз түр эдифи-катор ретінде маңызды роль атқарады.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022bmg4/76-82
- Журнал · Journal Fundamental and Experimental Biology
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0