Ақтөбе қаласының топырағының ауыр металдармен ластануын экологиялық бағалау
Мақалада Ақтөбе қаласының топырағындағы химиялық элементтердің (Сu, Ni, Pb, Zn, Со, Cd, Mb, Cr, Fe) жылжымалы формаларының мөлшерін анықтау үшін жүргізілген химиялық талдау нәтижелері талқыланған. Ақтөбе қаласы территориясының 7 сынақ алаңының топырағына зерттеу жүргізілді, химиялық элементтердің концентрациялары анықталып, концентрация коэффициенттері және ластанудың қосынды көрсеткіші Zc есептелінді. Есептеу нәтижелері 4–8 микроаудандар мен «Әуе қалашығының» территориясының топырағының ауыр металдармен ластану деңгейі Zc=19,4–22,2 аралығында (16 < Zc < 33 — орташа, қауіптілік деңгейі жоғары емес), ал басқа зерттеу зоналарының топырағының ластану дәрежелері Zc<16 төменгі ластану деңгейін көрсетті.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 107, № 3, С. 109-116
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7201 · 2663-5003 · 3080-6836 · 3080-6844
- Издатель
- Buketov Karaganda State University