Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2021, т. 104, № 4, с. 51-58

Шығыс Қазақстан топонимдерінің лексика-семантикалық сипаты

А.А. Алимхан, Ж.Қ. Қайырбаева, С.Т. Касенов

Аннотация · Abstract

Мақалада жалқы есімдердің мағыналары мен семантикасына қатысты ономаст ғалымдар пікірлері саралана келе, топонимдердің мағыналық-семантикалық ерекшеліктері қарастырылған. Ақиқат өмірдегі нысанға ат беру атаудың себебін, дәлелін, уәжін болжайтын үдеріс ретінде сипатталған.Шығыс Қазақстанның топонимиялық жүйесі нақты лексика-семантикалық және лингвомәдени үлгілер негізінде түзіліп, берілген аймақты мекендейтін халықтың тілі, тарихы, мәдениеті мен жерінің табиғаты жайлы құнды ақпарат көзі ретінде дәйектелген. Зерттеу нәтижелері Шығыс Қазақстан облысы топонимдерінің лексика-семантикалық классификациясы семантикалық тип пен семантикалық топтарға жіктеле отырып ұсынылып, нақты мысалдар негізінде талданған.

Сведения · Details