Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2021, т. 103, № 3, с. 25-31

Адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдердің бағалауыш мəні

Э.Н. Ажарбекова, Ш. Мажитаева, Ж.Д. Рапишева

Аннотация · Abstract

Қазақ фразеологизмдері — ұлттық менталитетті, адамгершілік қасиеттерді, сана-сезімді, эмоцияны, мінез-құлықты сипаттауда актив қолданылатын тілдік бірлік. Қазіргі тіл білімінде фразеологизмдерді антропоцентристік бағытта зерттеу өзекті болып табылады. Мақалада фразеологиялық бірліктердің экспрессивтік жəне прагматикалық қызметі мен бағалауыш мəні, семантикалық өрісі, тематикалық топтары жөніндегі ғылыми пікірлер сараланып, адами қасиеттерді білдіретін фразеологизмдердің бағалауыш мəніне талдау жасалған. Авторлар адамның жеке қасиеттерін, мінез бітістерін, ісəрекеттерін, бет-келбетін, дене бітімін бейнелеп, сипаттап, экспрессивті-эмоционалды тұрғыда бағалайтын сапалық-бағалауыш семантикасы бар фразеологизмдер екендігіне назар аудара отырып, тілдегі адам бойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттерді ілдіретін фразеологизмдерді оң, теріс жəне бейтарап бағалауыш мəніне қарай үш топқа топтастырған жəне оларды іштей семантикалық кішітоптарға жіктеген. Зерттеу нəтижесі бойынша қазақ тілінде адами қасиеттерді сипаттауда терісбағалауыш мəнге қарағанда, оң бағалауыш мəнде жұмсалатын фразеологизмдердің санының артық, албейтарап бағалауыш мəндегі фразеологизмдердің аз екендігін анықтаған. Бейтарап бағалауыш мəндіфразеологизмдердің нақты оң не теріс бағалауыш мəні мəтін арқылы анықталатындығын дəлелдеген.

Сведения · Details