Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2021, т. 101, № 1, с. 38-45
«Тұлпардың ізі» фильмінің сценарийіндегі көркемдік детальдің рөлі
Аннотация · Abstract
Мақалада 1964 жылы экранға шыққан «Тұлпардың ізі» фильмі (режиссері: Мəжит Бегалин) мен əдеби сценарийіндегі (авторы: Əкім Тарази) маңызды көркемдік детальдардың бірі — арқанның драматургиялық қызметі қарастырылған. Автор архив құжаттарына сүйене отырып, əдеби сценарийдің барлық нұсқасындағы («Жанарымда — Шолпан жұлдыз», «Жазира», «Тұлпар»), сондайақ режиссерлік сценарий мен фильмдегі арқанмен байланысты эпизодтарды сараптаған. Сонымен бірге, «Тұлпардың ізі» фильмінің режиссерлік сценарийіне қатысты «Қазақфильм» киностудиясының сценарий бөлімі мен көркемдік кеңесінде өткен талқылаулардан үзінділер келтірілген. Мақалада арқанның көркемдік деталь ретінде сценарий мен фильм оқиғасының өрбуіне, кейіпкерлер бейнесінің тереңірек ашылуына, олардың ішкі психологиялық күйін сезінуге тигізетін ықпалы дəлелденген.Сонымен қатар арқанның əдеби сценарий мен фильмде фабулалық, психологиялық, мазмұндық детальретіндегі драматургиялық қызметі айқындалған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2021ph1/38-45
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0