Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2021, т. 103, № 3, с. 7-13

Жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлаудың педагогикалық шарттары

С.К. Абильдина

Аннотация · Abstract

Мақала Қазақстандағы студенттердің еріктілер қозғалысын дамыту мәселесіне және зерттеу үдерісінің педагогикалық шарттарына арналған. Қазақстанда және шетелде волонтерлікті дамытудың тарихи алғышарттары қаралды, сондай-ақ кәсіптік оқыту үдерісінде инклюзивті білім беру жағдайында жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлаудың тұжырымдамалық негіздері айқындалды. Ешқандай қоғам жақсылық пен мейірімділіктің моральдық мұраттарынсыз тиімді дами алмайтыны анық. Инклюзивті білім беру шеңберінде университет студенттерін волонтерлік қызметке даярлау үдерісін сәтті қамтамасыз ететін педагогикалық факторлар анықталды. Мақалада болашақ маманның жеке қалыптасуы, волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде оқытушылардың тұлғаға бағытталған қызметі, волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде қолайлы психологиялық ахуал жасау сияқты факторларды анықтайды. Бұл жағдайда зерттелетін үдерістің педагогикалық шарттары анықталады. Студенттерді волонтерлік қызметке даярлаудың тиімділігі барлық анықталған факторларды көрсететін жағдай жасауға байланысты деп тұжырымдалған. Философиялық және педагогикалық әдебиетке шолу жасап, еріктілер қозғалысының қалыптасу тарихын зерттей отырып, авторлар мейірімділік пен жақсылық, «ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар» сияқты ұғымдардың мәнін нақтылайды. Мақалада авторлар жинақталған тәжірибені жүйелеуге, алынған мәліметтерді жинақтауға және инклюзивті білім беру жағдайында студенттерді волонтерлік қызметке даярлаудың тиімділігі барлық анықталған факторларды көрсететін жағдай жасауға байланысты деген қорытынды жасауға әрекет жасады.

Сведения · Details