Жалпы білім беру мекемелерінде бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
Мақалада бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде құрастырылған «Ағылшын тілі» оқу курсының авторлық бағдарламасының үзіндісі келтірілген. Бағдарлама 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету мақсатында жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ тиісті мамандықтардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған. Бағдарламаға жұмыс дәптері мен интерактивті тапсырмалар жинағы қоса беріледі. Бағдарламаның ауқымы қосымша материал ретінде ағылшын тіліндегі негізгі сабақтарды да, қосымша сабақтарды да қамтуы мүмкін. Бағдарлама балаларды оқытуға қойылатын барлық заманауи талаптарға жауап береді және балалардың ағылшын тіліндегі коммуникативті дағдыларын, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Орта білім беру мекемелерінде 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудің авторлық бағдарламасы, 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытуға арналған жұмыс дәптерінен, сондай-ақ Activinspire бағдарламасы негізінде жасалған интерактивті тапсырмаларынан тұратын дисктен құралған. Аталмыш бағдарлама балаларға өткен материалды ойын түрінде бекітуге және жаңа оқу материалын оңай игеруге көмектеседі. Бұл бағдарламада білім беру ұйымы жағдайында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізудің дәстүрлі және инновациялық нысандары ұсынылған.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 103, № 3, С. 143-153
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2518-7937 · 2663-516X
- Издатель
- Buketov Karaganda State University