ЖОО студенттерінің бұқаралық спортқа қызығушылығы мен салауатты өмір салты арасындағы қатынасты анықтау
Адамның ең басты байлығы – денсаулық. Кез келген мемлекеттің келешегі – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Адамның физиологиялық жағдайы жақсы деңгейде болу үшін сонымен қатар өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында салауатты өмір салтын ұстанып, дене жаттығуларымен айналысудың маңызы зор. «Бұқаралық спорт» ұғымын алғаш рет 1919 жылы Халықаралық олимпиада қозғалысының негізін қалаушы барон Пьер Де Кубертен ұсынды. Бұрынғы кезде спортпен бай және бос жүрген саяхатшылар айналысқан болатын. Буржуазиялықтар тарапынан қалыптасқан спортты, Кубертен әлемдік деңгейде айналысуды енгізуге 30 жыл бойы күш салды. Мақалада бұқаралық спорт федерациясы әзірлеген «Бұқаралық спорт сауалнамасы» (БС-2008), сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (1999) тарапынан дайындалған «Салауатты өмір салты» шкаласының қысқартылған түрікше нұсқасы (WHOQOL-BREF-TR) қолданылды. Ғылыми зерттеу жұмысына Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласынан Гази университеті, әлемдік қала саналатын Түркияның аса ірі, басты портты шаһары Ыстанбұл қаласынан Ыстанбұл университеті және экономикалық жағынан орташа-төмен саналатын Гүмүшхане қаласынан Гүмүшхане университетінің студенттері қатысты. Респонденттік мағлұмат формасы: Ғылыми зерттеу жұмысына қатысушы респонденттің жынысы, жасы, отбасы табысы, жеке кірісі және күнделікті бос уақыты сияқты мәліметтерінен құралған форма. Сауалнамаға арнайы іріктелмеген мамандықтар бойынша, жалпы саны 450 қыз бала, 695 ер бала қатысты
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 103, № 3, С. 14-20
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7937 · 2663-516X
- Издатель
- Buketov Karaganda State University