Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University “Law Series”, 2021, т. 101, № 1, с. 39-46

Құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы Президент билігі

Р.Б. Ботағарин

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуыкезеңіндегі Президент билігінің мемлекет өміріндегі шешуші рөл атқарған ерекше тұстарына назар аударылған. Нақтылай түсетін болсақ, Президенттік биліктің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы рөлі зерттелген. Бүгінгі біз білетін тəуелсіз, егеменді жəне құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып, дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы қазіргіжағдайына бірден жете қоймағаны белгілі. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасында құқықтықмемлекет қалыптастырып, оны дамытудағы негізгі сұрақтардың болуы жəне олардың шешілуібойынша атқарылатын іс шаралар өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Мемлекетіміздің негізгінормативтік құжаты Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы жəне оның кепіліболған Президент билігінің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудағы, оның негіздеріннығайтудағы рөлі жайында да заң ғылымы саласындағы ғалымдардың ғылыми көзқарастары зерттеуге тұрарлық. Автор заңгер ғалымдардың көзқарастары мен сараптауларына, мемлекет өмірінде болып жатқан саяси-құқықтық өзгерістер мен реформаларға қатысты ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, сипаттаған. Мақала Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнатудағы, оның негіздерін қалыптастырудағы бірқатар күрделі мəселелер, яғни мемлекетіміздің қалыптасуы кезеңінде болған қиын жағдайларға қарамастан халық өкілдері мен билік тарапынан жасалған реформаларға, көзқарастарға, пікірлерге кеңінен зерттеу жүргізу нəтижесінде авторлық тұрғыда тың мəліметтерге қол жеткізіліп отыр.

Сведения · Details