BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2021, т. 104, № 4, с. 137-148
Қазақстан аймақтарының экономикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың кейбір мәселелері
Аннотация · Abstract
Мақсаты: Қазақстан аймақтарының экономикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайын талдау негізінде оны дамыту жолдарын ұсыну.Әдісі: Салыстыру, топтастыру, талдау, жіктеу, статистикалық әдістер, индукция, дедукция, экономикалық-математикалық әдістер және модельдеу сияқты ғылыми әдіснамалық тәсілдер мен зерттеу әдістері алынды.Қорытынды: Аймақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларға сұраныс пен ұсынысты арттыру мақсатында аймақтың негізгі салаларының кәсіпорындары мен жергілікті ақпараттық-коммуникациялық технология-компаниялар (ІТ-форумдар, цифрландыру күндері, хакатондар және т.б.) арасындағы өзара іс-қимыл алаңын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Аймақтық технопарктерді, зертханалар мен инкубаторларды аймақтың негізгі салаларына бағдарлау мүмкіндігін қарастыру.Тұжырымдама: Қазақстанда экономика салаларын цифрландыру және «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу бойынша өсіп келе жатқан үрдісті ескере отырып, қазақстандық ІТ-компанияларын осы үрдіске тарту қарастырылады. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының жалпы қосылған құн көлемін ұлғайтуға, өндірісте әртүрлі жүйелерді енгізуге арналған шығындарды азайтуға және меншікті әзірлемелерді кейіннен экспорттау үшін жергілікті ІТ-нарығының құзыретін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде экономиканы цифрландыру мәселелерін бағалау, аймақтардың экономикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды талдау нәтижелерін зерттей отырып, Қазақстан аймақтарының экономикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлін дамыту жолдарын ұсыну
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2021ec4/137-148
- Журнал · Journal BUKETOV BUSINESS REVIEW
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0