BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2021, т. 103, № 3, с. 143-154
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ішкі аудит жүйесінің тиімділігі: құрылымдық модель
Аннотация · Abstract
Мақсаты: Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығына əсер ететін ішкі аудиттің негізгі проблемаларын анықтау жəне несиелік портфельді бағалау негізінде ішкі аудиттің тұжырымдамалық құрылымдық моделін дайындау.Əдісі: Салыстыру, топтастыру, талдау, жіктеу, статистикалық əдістер, индукция, дедукция, экономикалықматематикалық əдістер жəне модельдеу сияқты ғылыми əдіснамалық тəсілдер мен зерттеу əдістері алынды.Қорытынды: Ішкі аудит жүйесі жəне несиелік портфель бойынша пайда болған мəселелерді, сонымен қатар Smart PLS бағдарламасының көмегімен сауалнама нəтижелерін талдау негізінде банктерге ішкі аудиттің қандай тəуелсіз айнымалыларының (ішкі аудит көлемі мен стандарттары, несиелік тəуекелді бағалау, тəуекелге бағдарланған аудиттің жылдық жоспары, тəуекелдерді басқару) көмегімен қаржылық тұрақтылыққа жетуге болатынын анықтауға мүмкіндік беретін ішкі аудиттің тұжырымдамалық құрылымдық моделі жасалды.Тұжырымдама: Smart PLS бағдарламасы негізінде ішкі аудит проблемаларын бағалау, банктердің несиелік портфелін талдау жəне сауалнама нəтижелерін зерттей отырып, банктің қаржылық тұрақтылығына ішкі аудиттің тəуелсіз айнымалыларының əсерін анықтауға ықпал ететін ішкі аудиттің тұжырымдамалық құрылымдық моделі құрылды.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2021ec3/143-154
- Журнал · Journal BUKETOV BUSINESS REVIEW
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0