Central Asian Research Index

BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2021, т. 102, № 2, с. 99-107

Пути повышения конкурентоспособности производителей сливочного масла в условиях импортозамещения

А.М. Расулова, А.А. Умырзакова

Аннотация · Abstract

Мақсаты: Мақалада ЕАЭО мемлекеттерінің статистикалық мəліметтер негізінде, Қазақстанның сүт өнімдерінің импорттық үлесі келтірілген. Сондай-ақ тұтынушылар қандай критерийлер бойынша импорттық сүт өнімдерін таңдайды, қандай критерийлер бойынша отандық өнімдерді тұтынудың себептері негізделген.Əдісі: Қолданылған əдіснамалар мен тəсілдер: статистикалық мəліметтер, сапалы əдіс, атап айтқанда сауалнама.Қорытынды: Жүргізілген зерттеудің теориялық құндылығы кəсіпорынның экономикалық, бəсекелестік факторлары арқылы отандық кəсіпорындардың ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сандық зерттеулер мен сапалық зерттеулер (құрылымдық сұхбат) негізінде авторлар тұтынушылардың талғамын зерттеп, оларды отандық өніммен алмастыру қажеттілігін қарастырған.Тұжырымдама: Сары май өнімдерін тұтынатын тұтынушылар арасында жүргізілген сауалнама нəтижесінде тұтынушылардың негізгі үлесі сары майды таңдау барысында сапа, қоспалардың табиғилылығы, сондай-ақ баға саясаты сияқты критерийлерді басшылыққа алатыны дəлелденді. Тамақ өнеркəсібінің нарығында кəсіпорын бəсекегеқабілетті болу үшін, үнемі өнімнің сапасына назар аудару қажет. Себебі бұл фактор тікелей тұтынушының таңдауына əсер етеді

Сведения · Details