Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2020, т. 99, № 3, с. 84-90
Құранмен астастыра жырлаған орта ғасырдағы əдеби жəдігерлер
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ əдебиеті тарихында орта ғасыр поэзиясының орны ерекше екені анықталып, түркі əдебиетінің идеялық-көркемдік маңызы сөз болады. Орта ғасыр шығармаларына өзек болған сол замандағы заман ахуалы, адамгершілік мəселелер, жеке тұлғаның ықылас-пейілінің өзгеруі жəне тағы да басқа тақырыптар талданған. Соның ішінде орта ғасырда жазылған əдеби жəдігерлерге Құранның əсері жан-жақты қарастырылған. Орта ғасырдағы əдеби жəдігерлердің негізгі айтар ойы халыққаислам дінін түсіндіріп, рухани тазалыққа шақыру нақты мысалдармен көрсетілген. Ислам діні орта ғасырдағы түркі əдебиетінің жаңа арнада дамуына əсер еткен, соның көрінісі сол дəуір шығармаларында Құран аяттары мен пайғамбар хадистері орынды пайдаланылғаны анықталған. Қарахан дəуірінде жазылған шығармалардың басты тақырыбы болған дидактикалық мəселелерді орта ғасыр ақындары қалай жырлағаны анықталып, оның түркі əдебиетінің дамуына қаншалықты үлесқосқаны айқындалған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2020ph3/84-90
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0