Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2020, т. 99, № 3, с. 34-39
Тілдік оппозиция: антонимдер мен қарама-қарсы мəндес сөздердің пайда болу диалектикасы
Аннотация · Abstract
Мақалада соңғы жылдардағы қазақ тіл білімінің даму бағыттарының, оның ішінде антропоөзектілік бағыттың рөлі мəселесі қамтылған. Антропоөзектілік бағыттың өзіндік ерекшеліктері адамның ойымен, танымымен, іс-əрекетімен тікелей байланыста талданған. Жүргізілген зерттеулердің негізінде авторлар тарапынан тілдік дамудың ішкі қайшылықтар мен қарама-қарсылықтар күресіне негізделетіндігі жəне ол қайшылықтар мен қарама-қарсылықтардың табиғат, қоғам, адам санасындағыбірін-бірі жоққа шығаратын жəне сонымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар екендігі тұжырымдалған. Мақалада қарама-қарсылықтар заңының, яғни тақырып аясына қажетті тілдік оппозициялардың ежелгі философ-ойшылдардың еңбектерінен бастау алатындығы жəне қарама-қарсылық мəселесінің антикалық философия мен логикадан басталатындығы дəлелденген. Сонымен қатар қарама-қарсы құбылыстардың міндетті түрде бір текке немесе бір-біріне қарама-қарсы түрге жататыны жəне сондай-ақ, олардың өздері мағыналық жағынан туыстас, сыбайлас тектерді білдіретіні айқындалған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2020ph3/34-39
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0