Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2020, т. 98, № 2, с. 64-69

Қазақ əдебиетіндегі лирикалық проза

Ж.Ж. Жарылғапов, Д.Ш. Омирбекова

Аннотация · Abstract

Мақалада лирикалық прозаның теориялық тұрғыдан зерттелуіндегі тəжірибелер сараланған. Əлемдік жəне ұлттық əдебиет теориясындағы лирикалық проза жайындағы ғылыми көзқарастар жүйеленген. Қазақ əдебиетіндегі лирикалық проза ізденістері жан-жақты сараланған. Прозадағы эпос пен лирика тектерінің арақатынасы, лиризм мен психологизмнің байланысы, автор мен кейіпкер дүниетанымының байланысы туралы талдаулар жүргізілген. Қазіргі қазақ қаламгерлерініңдүниетанымдық негіздері мен көркем ойлау жүйесіндегі лирикалық тенденциялардың алатын орны айқындалған. Лирикалық прозаның поэтикалық жүйедегі қолданыстарының əдіс-тəсілдері нақтыланған. Лиризмнің реализммен, романтизммен байланыстары жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалған. Лирикалық проза үлгісінде жазылған шығармалардағы ішкі монологтың, пейзаждың рөлі көрсетілген. Олардың идеялық-эстетикалық сипаттары, типологиялық қырлары ашылған.

Сведения · Details