Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2020, т. 98, № 2, с. 51-56

Синтагма — коммуникативті грамматиканың нысаны

Н.Ə. Ильясова

Аннотация · Abstract

Мақалада синтагмалық зерттеулерге шолу жасалып, оның психолингвистикалық, семантикалықсинтаксистік, семантика-интонациялық, функционалдық бірлік ретінде қарастырылғаны айтылған. Лексикалық араласу, синтаксистік мүшелену синтагмалық зерттеулердің нəтижесі екені көрсетілген. Сонымен қатар, синтагманың коммуникативті грамматикада алатын орны анықталған. Синтагма субъектілік жəне объектілік субстанцияға жіктеледі. Коммуниканттар моделін анықтайтын,коммуникативті мағынаның жігін ашатын, ауызша жəне жазбаша тілдік қатынастың түрлерін, формасын, сөйлеу жағдаятын, сөйлеу мазмұнын анықтауға негіз болатын категория ретінде талданған.

Сведения · Details