Central AsianResearch Index

Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері

Мақалада Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері қарастырылған. Автор жотадағы анағұрлым кең таралған жəне өсімдік түрлеріне байтұқымдастар тоқталған: Asteraceae, Poaceae, Fabaceae, Brassicaeae, Rosaceae, Caryophyllaceae, Lamiaceae, Ranunculaceae, Scrophulariaceae, Apiaceae, Boraginaceae, Chenopodiceae, Liliaceae, Polygonaceae, Berberidaceae, Iridaceae. Түр санына бай туыстар анықталған, олар: Astragalus, Carex, Artemisia. Жотадағы массивтері анағұрлым ірі көлемде кездесетін тағамдық өсімдіктердің басқа да пайдалы түрлеріне талдау жасалған. Азықтық өсімдіктердің басым бөлігін Fabaceae тұқымдасының төмендегідей туыстары құрайды: Medicago, Melilotus, Trifolium, Vicia. Азықтық өсімдіктердің ішінде Asteraceae, Apiaceae жəне тағы басқа тұқымдастар кең таралған. Жотада, жеміс-жидекті өсімдіктерден басқа, тамыры, жапырағы, сабағы жəне тұқымы жеуге жарамды бұталы жəне шөптесін өсімдік түрлері кездеседі, олар: Polygonum coriarium Grig., Rheum wittrockii Lundstr. Жоңғар Алатауында дəрілік өсімдіктердің110 түрі кездеседі. Жота аумағында кездесетін Brassicaceae, Rosaceae, Fabaceae, Lamiaceae тұқымдастырының барлық түрі бал беретін өсімдіктер, олар:Salix kirilowiana Stchegl., Malus, Rosa plathiacantha, Hedysarum songoricum Bong., Polygonum, Lathyrus. Техникалық өсімдіктердің басым бөлігі ортатаулы аймақтарда кең таралған.

Сведения

Опубликовано
2019 · Т. 93, № 1, С. 51-56
Язык
Казахский
ISSN
2518-7201 · 2663-5003 · 3080-6836 · 3080-6844
Издатель
Buketov Karaganda State University