Central Asian Research Index

Fundamental and Experimental Biology, 2018, т. 91, № 3, с. 48-52

Ескене таулы өңірінің ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктерінің биоэкологиялық ерекшеліктері

А.І. Ахметжанова, П. Нұржанова

Аннотация · Abstract

Мақалада Жаңаарқа ауданына Ескене таулы өңіріне қарасты үш бөлімшенің (Таңқы, Оқтөнген, Жартас) өсімдіктер бірлестігінің түрлері анықталғандығы жəне осы өсімдіктер бірлестіктерінде 16 тұқымдасқа, 26 туысқа жататын 48 түрлі өсімдіктердің кездесетіні туралы айтылды. Зерттелген Ескене таулы өңірінде барлық өсімдіктер бірлестігінде көп кездескендер— бұршақ тұқымдастарының өкілдері: Astragalus puberulus L. — түкілпе таспа, Vicia cracca L. — тышқансиыр жоңышқасы, Lathyrus pratensis— шалғындық əйкен, Lathyrus tuberosus L. — шалғындық əйкен, Clycyrrhiza asperaP. — тəуір мия. Одан кейінгі орында раушангүлділер: Potentilla reptans L. — жатаған қазтабан, Potentilla flagellaris L. — шырмауық қазтабан, Potentilla bifurca L. — айыр қазтабан, Spiraea hypricifolia— шайқурай жапырақты тобылғы. Лалагүлділерден: Allium cepa— қатпарлы пияз, Tulipa Schrenkiana — Шренк қызғалдағы, T. patens Agardh— қыр қызғалдағы, Fritillaria meleagroides Patrin – кішкентай сепкілгүл. Тіркелген өсімдіктерге фитоценологиялық сипаттама беріліп, олар өмір сүру формасына, систематикасына жəне халық шаруашылығының əртүрлі саласында қолданылуынабайланысты жіктелгендігі көрсетілген. Сол сияқты Ескене өңірі бойынша қорғауды қажет ететін, жойылып бара жатқан, сирек кездесетін өсімдіктер түрлері: отырыңқы гүлді əтеп (сирения сидячецветковая), тырнашөп (жабрица бухтарминская), кіндік тəрізді кəріқыз (липучка пупковидная), қызыл қойжелкек (козлобородник красный), Шангин айдаршөбі (хохлатка Шангина) жəне кішкентай секпілгүл (рябчик малый) анықталды. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген түрлерге: сарғалдақтар тұқымдасынан— ашық құндызшөп (сон трава раскрытая) жəне лалагүлділер тұқымдасынан Шренкқызғалдағы (тюльпан Шренка) жатады.

Сведения · Details