Fundamental and Experimental Biology, 2018, т. 90, № 2, с. 140-144
Тəжірибелі антракозда аз дозалы гамма-сəуленің əсер ету кезіндегі босрадикалды тотығудың рөлі
Аннотация · Abstract
Зерттеу мақсаты— көмір шаңы мен аз дозалы иондағыш сəуленің (0,2 Гр) кейінгі кезеңдегі əсеріне ұшыраған жануарлардың иммунокомпетентті ағзаларында липидтердің асқын тотығының рөлін анықтау. Бақылау жұмысы 3 топқа бөлінгенWistar қатарындағы 30 ақ аталық егеу құйрықтарға жүргізілді: I-топ— интактілі; II-топ— көмір шаңын жұтқан топ; III-топ— гамма-сəулесіне жəне көмір шаңына шалдыққан топ. Тəжірибелік егеуқұйрықтарда эксперименттік антракозды модельдеуүшін арнайы арналған шаң беретін камера қолданылды. III-топтағы жануарларды зерттеуге 90 күн қалғанда чехиялық TERAGAM 60 Сo («ISOTREND spol. s.r.o.», Чех Республикасы) атты радиотерапевтік қондырғысымен 0,2 Гр дозада бір мезетте сəуле берілді. Сəулелеуге дейінжануарларда топометриялы-дозиметриялық дайындық жұмысы жүргізілді. Ол үшін нысана«Теrasix» (Чех Республикасы) симуляторының изоцентрикалы терапевті столына орналастырылды, ол өзініңқұрылымы жəне өлшемдері бойынша гамма-сəуле терапевті столына сəйкес келеді. Көмір шаңы жəнерадиацияның бірлесе əсері липидтердің гиперпероксидациясын тудыра отырып, неғұрлым тереңірек ықпал көрсеткен. Көмір шаңы мен радиациялық фактордың ықпалынан ДК жəне МДА мөлшерлері артып, оның есебінен зерттеу нысаналарында тотығу күйзелісінің еселене жүргені тіркелді.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2018bmg2/140-144
- Журнал · Journal Fundamental and Experimental Biology
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0