Central Asian Research Index

Fundamental and Experimental Biology, 2017, т. 87, № 3, с. 91-95

Ақмола облысындағы шағын қалалар тұрғындарының көші-қоны

А. Заңдыбай, Б.Х. Есенжолов, Г.Р. Есенжолова

Аннотация · Abstract

Мақалада Ақмола облысының шағын қалалардың халқының көші-қоны, оның геодемографиялық үрдістерге ықпалы, атап айтатын болсақ, тұрғындардың жастық жəне жыныстық құрамы қарастырылған. Сонымен қатар көші-қонның сандық жəне сапалық көрсеткіштеріне талдау жасалған. Ақмола облысының Статистика департаментінің ресми ұсынған мəліметтерін талдау негізінде авторлар келесі мəселелерді ерекше бөліп көрсетеді, олар: қала халқының жастық құрамы бойынша қарт адамдардыңүлесінің артуы, жастарды шағын қалаларда қалдыру мəселелері. Мақалада көші-қонның сандық көрсеткіштеріне нақтылап талдау жүргізу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Зерттеліп жатқан тақырып бойынша Ақмола облысының шағын қалаларында жүріп жатқан геодемографиялық үрдістер туралы жаңа тың мəліметтер келтірілген.

Сведения · Details