Fundamental and Experimental Biology, 2017, т. 86, № 2, с. 132-138
ГАЖ-технологиялары арқылы«Геоинформатика» пəнін оқыту кезінде «География» мамандығы студенттерінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру
Аннотация · Abstract
Мақалада «География» мамандығының студенттеріне «Геоинформатика» пəнін оқыту арқылы ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудың негіздері берілген. Оқыту-əдістемелік зерттеулер нəтижесінде ақпараттық технология, географиялық ақпараттық жүйелердің білім саласында қолдану жолдарын, ArcGIS, SASplanet бағдарламаларын электронды карта құрастырудағы маңызы айқындалып көрсетілген. Ақпараттық ұзыреттіліктің негізгі компоненттері мен білім, білік, дағды негіздері айқындалған. Зерттеудің негізгі мақсаты ақпаратты мəдениеті жəне құзыреттілігі қалыптасқан шығармашыл маман қалыптастыру болып табылады, яғни алынған білік пен білімдерді іс-жүзінде күнделікті өмірде, белгілі бір өндіріс саласында, тəжірибеде жəне теориялық мəселелерді шешуде қолдана алу. Авторлар ғалымдардың зерттеулерінің негізінде құзыреттілікті қалыптастыру білім мазмұнынын жүйелі жүзеге асыру арқылы бəсекеге қабілетті, танымы жоғары, жігерлі жəнерухани бай жастарды тəрбиелеуге қолжеткізуге болады деген қорытындыға келді. Білім беру жүйесінде студенттің бойында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың орны ерекше. Ақпараттық технологияларды оқыту барысында қолдану студенттің пəнге деген қызығушылығы мен пəнді игеруге деген белсенділігін артырып, бүгінгі заман талабына сай студенттің білім алуына, білім сапасына тікелей əсер етедіндігі белгіленген. Өзгеріске толыбүгінгі заман талабына сай ұстаз үнемі ізденісте, өз білімін жетілдіріп отыруы тиіс екені дəлелденген.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2017bmg2/132-138
- Журнал · Journal Fundamental and Experimental Biology
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0