Central Asian Research Index

Fundamental and Experimental Biology, 2017, т. 85, № 1, с. 95-102

Қазақстандағы орта жəне шағын бизнестің дамуындағы əлеуметтік алғышарттар

С.М. Досмахов, С.А. Талжанов, Л.Т. Малаева

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстан экономикасының дамуындағы əлеуметтік мəселелерді шешу барысындағы орта жəне шағын бизнестің атқаратын қызметі мен маңызы қарастырылған. Экономикалық жəне əлеуметтік жағдайдың өркендеуі үшін орта жəне шағын бизнестің дамуы қандай мемлекет болсын маңызды орынға ие. Шағын жəне орта бизнестің тұрақты дамуы қазақстандықтардың да əл-ауқатының артуымен тығыз байланысты. Талдаудың нəтижесінде шағын жəне орта бизнестің жергілікті, аймақтық, өңірлік даму географиясымен, осы салада өндірілген өнім түрлері жəне қалыптасқан əлеуметтік мəселелер талданды. Шағын инновациялық кəсіпкерлікті дамытудағыотбасылық жəне венчурлык инвестициялардың ұлттық жүйесін құруға бірқатар ұсыныстар жасалып, бұл саланы əрі қарай дамыту Қазақстан экономикасын жоғары дамуына зор үлесін қосады.

Сведения · Details