Central Asian Research Index

Fundamental and Experimental Biology, 2017, т. 85, № 1, с. 103-108

Орталық Қазақстан халқының демографиялық жағдайларына экологиялық факторлардың əсері

К.Д. Кенжина

Аннотация · Abstract

Мақалада Орталық Қазақстан халқының демографиялық жағдайларына кері ықпал етуші факторлар ретінде экологиялық жағдайлардың əсері қарастырылған. Демографиялық жағдайлардың негізгі көрсеткіштері болып туу мен өлім табылса, аталған аумақтағы жүрек-қан тамырлары дерттерінен қайтыс болу деңгейі талданып, оның демографиялық көрсеткіштегі үлесі анықталған. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты— экологиялық факторлардың адам ағзасына кері əсерін, ғасырдың жаңа аурулары болып есептелетін ауруларды туындатушы фактор ретіндегі рөлін анықтау. Жүрек-қантамыры ауруларына əйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады. Автор аталған ерекшеліктерді талдайотырып, көрсеткіштердің соңғы жылдардағы өсу динамикасы мен кему көрсеткіштерінің жүйелі түрінкөрсеткен. Нəтижесінде Қарағанды облысы аймақтары бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады, себебі əр қала мен аудан экономикалық даму, өнеркəсіптік шоғырлану, экологиялық жағдайларындажəне медициналық қамтылу деңгейінде өзгешіліктер орын алады.

Сведения · Details