Fundamental and Experimental Biology, 2016, т. 83, № 3, с. 140-145
Қарағанды облысының экологиялық қолайсыз аудандардағы əйелдердің репродуктивті қызметін бағалау
Аннотация · Abstract
Мақалада қоршаған ортаның қолайсыз факторлары кешенінің əсерін зерттеу барысында репродуктивті жастағы əйелдердің липопероксидация процесінде малонды диальдегидтің жинақталу мөлшерінің артуы байқалды. Қан плазмасында глутатион пероксидаза (ГПО) мəнінің белсенділігі артып, ферменттердің антиоксидантты қорғаныш белсенділігінің толықтай емес жоғарылауы байқалды. Əйел ағзасының жасушасында бос радикалдардың тотығуының бұзылыстарына алып келетін ағзаның күйзеліс жағдайы жəне эндогенді улануы анықталды. Ортаның жағымсызфакторларының ұзақ əсер етуі, яғни, шаң-тұз-аэрозольдер мен табиғаттағы химиялық экотоксиканттар жасушаның тотығу метаболизмнің бұзылысына, бос радикалдардың белсенділігі мен ағзада тотығу күйзелісінің туындауына себепші болады. Жəне соның салдары ретінде екіншілік өнімдердің (МДА) липид асқын тотығы каскады пайда болуы жəне тексерілген адамдардың биологиялық сұйықтықтарында азот оксидінің концентрациясының жоғарлағаны байқалды, бұл жасуша мембранасының тұтастығы мен өткізгіштігінің бұзылуына əкелуінің нəтижелері екені көрсетілген.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2016bmg3/140-145
- Журнал · Journal Fundamental and Experimental Biology
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0