Central Asian Research Index

Fundamental and Experimental Biology, 2015, т. 79, № 3, с. 99-103

Отандық жəне импорттық мал шаруашылығы өнімдерінің антибиотиктердің қалдық мөлшерімен ластану дəрежесін зерттеу

К.А. Нұрлыбаева

Аннотация · Abstract

Мақалада жануар тектес өнімдердің антибиотиктермен ластану мəселесі қарастырылған. Қазіргі таңда жануар тектес өнімдердің антибиотиктермен ластану мəселесі ұлттық, халықаралық масштабта қаралады. Мəселенің өзектілігі жоғары болғанымен, ол фрагментарлы сипатқа ие. Токсиканттар жайлы жəне оларды қадағалау жөнінде мəліметтер қазіргі таңда жеткіліксіз. Сондықтан жоғарысапалы жануар тектес шикізат пен толыққанды биологиялық тағам өнімдерін алу мəселесіне жоғарытиімді кешенді ыңғайын табу керек. Соңғы жылдары отандық нарықтың сипаттамаларының өзгеруімен қазақстандық экономиканың əлемдік экономикаға кірігу жөнінде шаралар қолданылды. Бұл маңызды мəселені шешу барысында Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының қатысушылары жүктелген экологиялық жəне санитарлық қадағалау талаптары ескерілген.

Сведения · Details