ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ (ӘДЕБИ ШОЛУ)
Егде жастағы халықтың өмір сүру сапасын зерттеу денсаулық сақтау саласындағы заманауи зерттеулердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халықтың қартаюы және өмір сүру ұзақтығының артуы егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді және бүгінгі таңда өзекті болып келеді. Бұл әдебиеттік шолу денсаулық пен тірек-қимыл қозғалысының белсенділігіне, әлеуметтік қолдауға, психологиялық әл-ауқат пен өзін-өзі бағалауға және медициналық сауаттылығына назар аудара отырып, егде жастағы тұрғындардың өмір сапасының негізгі аспектілерін зерттейді. Осы аспектілерді зерделеу егде жастағы халықтың әл-ауқаты мен өміріне қанағаттанушылықты арттыруға бағытталған тиісті стратегияларды әзірлеуге және бағдарламалар мен саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сведения
- Журнал
- Фтизиопульмонология
- Опубликовано
- 2024 · № 2, С. 98-107
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2227-1937 · 2663-1504
- Издатель
- National Scientific Center of Phthisiopulmonology of the Republic of Kazakhstan