Central AsianResearch Index

ҚАРЫНШААРАЛЫҚ ПЕРДЕ АҚАУЫН ТҮЗЕТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАН ҚҰЮДЫ БАҒАЛАУ

Оң жақтық алдыңғы минторакотомия әдісі оңаша түрде әр елде дамығанымен, әдіснама кеңірек тараған болатын – себебі, орындалу жеңілдігімен жән асқынулардың аздағымен және арзанырақ болғандықтан. Миниторакотомия әдісі хирургиялық техниканы қамтығанымен, әлі де анестезиологиялық және перфузиологиялық сұрақтар аспектісі туындаған еді. Осы орайда бұл зерттеуде қарыншаралық перде ақауын түзету кезіндегі қан жоғалту мен қанды қайта толтыру (яғни гемотрансфузия) мәселелері зерттелетін болады. Зерттеу мақсаты: Алдыңғы миниторакотомия әдісімен қарыншыаралық перде ақауын түзетуі жасалған науқастарда қан компоненттерін қолдануын бағалау. Әдістері мен материалдар: Зерттеудің дизайны ретроспективті болды. Зерттеуге жасанды қан-айналымда туа пайда болған ҚПА түзетуінен өткен барлығы 82 бала қатысты. Олар 3 топқа бөлінді: 1-ші топ медианалық стернотомия бойынша жасалған операция – 15 науқас; Оң жақ алдыңғы миниторакотомия бойынша жасалған операция 2-топ – 38 бала; және 3-ші негізгі топқа a. et v. Mammaria interna dextra сақтай отырып оң жақ антеро-латеральды миниторакотомия әдісімен операция жасалды – 29 балаға. Нәтижелер: Көрсетілген жалпы сипаттар бойынша балаларда ең үлкендері 2-топта (8.3±5.5 vs 13.7±2.6 vs 8.1±3.1 жыл), сәйкесінше осы топта да салмағы ауыр. Жалпы ота сипаттамасы бойынша 3-топта ең қысқа ота уақыты мен жалпы жасанды қан-айналым уақыты, себебі a. et v. Mammaria interna dextra тамырын байлауға уақыт жоғалтпайды, сонымен қатар тамыр тұтастығы сақталғандықтан отадан кейінгі дренаж да аз болды (160.9±16.7 vs 136.7±16.6 vs 82.2±16.5 мл). Сонымен қатар гемотрансфузия бойынша эритроцитарлы масса қолдану және жаңа мұздатылған плазма қолдану 3- топта ең аз мөлшерде (15 vs 20 vs 8 науқастар) және статистикалық маңыздылығы (р<0.01) анықталды Қорытынды: a. et v. Mammaria interna dextra амырларын сақтаумен жасалатын алдыңғы латеральды миниторакотомия әдісі нәтижесінде қан құю қажеттілігі төмендейді, және қан құюдан бголатын асқынулардан қашықтанады.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 2, С. 20-26
Язык
Казахский
ISSN
2227-1937 · 2663-1504
Издатель
National Scientific Center of Phthisiopulmonology of the Republic of Kazakhstan