Central AsianResearch Index

№2 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ ӘР ТҮРЛІ ГЕНЕЗДІ БАУЫР ЦИРРОЗЫ БАР НАУҚАСТАРДА ТРОМБОЦИТОПЕНИЯНЫ КОРРЕКЦИЯЛАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН КӨКБАУЫР АРТЕРИЯСЫ ЭМБОЛИЗАЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Шымкент қалалық №2 клиникалық ауруханасының гастроэнтерология бөлімінде бауыр циррозы салдарынан дамыған екінщілік тромбоцитопения белгілерімен ем қабылдап жатқан науқастар өте көп. Порталық гипертензия нәтижесіндегі спленомегалия салдарынан тромбоциттердің көптеп бұзылуына байланысты олардың мөлшерінің азаюы байқалады. Көкбауырдың бір бөлігі қан айналымынан ажыратылғанда, көкбауыр венасы арқылы қанның ағуының төмендеуіне байланысты порталық гипертензия төмендейді, ал көкбауырда тромбоциттер саны азырақ жойылады. Ал спленэктомия операциясы ашық түрде жүргізілетін болғандықтан әр түрлі асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы себептерге байланысты көкбауырдың бір бөлігін қан айналымынан ажыратуға бағытталған — көкбауыр артериясының эмболизациясы кеңінен қолданыс табуда. Осы жұмыста авторлар Шымкент қалалық №2 клиникалық ауруханасында порталық гипертензиямен ем қабылдаған науқастарға жүргізілген көкбауыр артериясының эмболизациясының тиімділігін бағалады. Зерттеу нәтижесінде бұл науқастарда асцит деңгейі азайды, өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кету тоқтады, өмір сүру сапасының жақсаруы және бауыр трансплантациясына дейінгі науқастың өмірін ұзартуға мүмкіндік артты.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 1, С. 25-31
Язык
Казахский
ISSN
2227-1937 · 2663-1504
Издатель
National Scientific Center of Phthisiopulmonology of the Republic of Kazakhstan