Central AsianResearch Index

ДИАГНОСТИКАДАҒЫ НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ БӨЛІНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Зертханалық тәжірибеде вирустық инфекциялардың диагностикасы өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Ветеринарияда бұл тұрақты созылмалы жануарлардың инфекцияларына әкеледі, оларды емдеу өте қиын және экономикалық шығындарға әкеледі. Жаһандық пандемия жағдайында SARS-CoV-2 вирусы тударатын COVID-19 диагнозының уақтылы қойылмауы вирустың таралуына және симптоматикалық емдеудің кеш басталуына әкелді. Вирустық инфекциялардың ПТР диагностикасының негізгі мәселелерінің бірі жалған теріс және жалған оң нәтижелер болып табылады. Бұған көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, дұрыс емес сынама алу, сынамадағы вирустың НҚ-ының детекциясына жеткіліксіз мөлшері, материалды дұрыс емес тасымалдау және сақтау, білікті емес зертханалық мамандар, нуклеин қышқылдарын бөліп алу әдістерінің қателіктері, ПТР жиынтығының ерекшелігі мен сезімталдығы жеткіліксіздігі. Мақсаты: Модельдік вирустардың нуклеин қышқылдарын, SARS-CoV-2 коронавирусының нуклеин қышқылдарын және ірі қара малдың вирустық диареясын тудыратын Pestivirus туыс вирусты бөліп алу әдістерін салыстыру. Зерттеу әдістері мен материалдары: Бұл жұмыста біз әртүрлі нуклеин қышқылдарын экстракциялайтын (сорбциялық, спин-бағандарға және магниттік бөлшектерге) әдістеріне негізделген "SARS-CoV-2 Амплитесті", "PureLink RNA mini kit (Invitrogen)" және "M-Сорб-ООМ-96 СИНТОЛ" сияқты әртүрлі коммерциялық бөліп алу жиынтықтарын салыстырылды. Салыстыру нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакцияны үш рет қою және коронавирустық инфекцияны анықтаудың шекті деңгейлері Ct-мен салыстыру және вирустық диареяға арналған классикалық ПТР реакциясында электрофорезден кейінгі жолақтарды визуалды салыстыру арқылы жүргізілді. Үлгілер панелі ретінде адамның мұрын–жұтқыншақ жағындыларының зертханалық расталған оң және теріс үлгілері, сондай-ақ жалпы РНҚлар бөлінген жануарлардан (ірі қара мал) мұрын шайындылары пайдаланылды. Нәтижелері мен қорытынды: SARS-CoV-2 үлгілері бойынша Ct-нің ең жақсы нәтижелері нуклеин қышқылдарын бөліп алуының сорбциялау әдісі көрсетті. Магниттік бөлшектер мен спин-бағандардағы нуклеин қышқылдарының экстракциясы нақты уақыттағы ПТР амплификация 2-3 шекті көрсеткіш циклі арасындағы айырмашылықты көрсетті. Агарозды гель электрофорезінде анализ жүргізілген вирустық диарея ампликондары үш экстракциялау жиынтығы үшін визуалды айырмашылықты көрсетпеді.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 2, С. 107-118
Язык
Казахский
ISSN
2227-1937 · 2663-1504
Издатель
National Scientific Center of Phthisiopulmonology of the Republic of Kazakhstan