ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЗАМАНАУИ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ
Дәріге төзімді туберкулезге шалдыққан 270 науқасты емдеудегі туберкулезге қарсы препараттардың әртүрлі режимдері клиникалық тиімділік тұрғысынан бағаланды. Химиотерапияның жоғары тиімділігі науқасты емдеудің стационарлық сатысында кем дегенде 90-120 дозаны жүргізу кезінде қол жеткізілді. Химиотерапия кезінде жанама белгілер тіркелді, олардың ішінде қайтымсыз сипаты 21,5% орын алды. Әртүрлі емдеу схемалары арқылы жүргізілген химиотерапияның тиімділігі, туберкулез микобактериясының 88,9% -100,0% конверсиясы және ыдырау қуыстарының жабылуымен дәлелденді.
Сведения
- Журнал
- Фтизиопульмонология
- Опубликовано
- 2023 · № 1, С. 16-24
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2227-1937 · 2663-1504
- Издатель
- National Scientific Center of Phthisiopulmonology of the Republic of Kazakhstan